Фото: Kazakh Tourism Development
Kazakh Tourism Development компаниясының бастамасымен қолға алынып жатқан жоба Көкжайлау шатқалы мен Күмбел шыңы аумағында жалпы ұзындығы 65 шақырымнан асатын шаңғы трассалары бар тау-шаңғы инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Бұған дейін жоба өткен жылы бейресми түрде Үкімет басшысы Олжас Бектеновке таныстырылған. Ал курорттың жаңартылған жоспары 2025 жылдың қыркүйегінде бекітілген.
Тыңдаулар барысында залда жобаны қолдаған плакаттармен келген жастар да болды. Олар тау кластерін дамыту және Алматыда жаңа туристік инфрақұрылым қалыптастыру бастамасын қолдайтындарын көрсетті.
Талғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр
Жастардың айтуынша, тау курорттарын дамыту Алматыны халықаралық туристік деңгейге шығарудың маңызды қадамы болмақ.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Almaty Superski» жобасы таудағы туризмді дамытудың үлгісіне айналуға тиіс екенін атап өтті.