Оқиға • Бүгін, 08:42

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылды

1 мин
оқу үшін

25 мамырда сағат 19:50-де «102» арнасына 7 жасар Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кеткен екен. Шығыс шағын ауданында жедел түрде ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше баланың мәйіті табылды

Фото: ІІМ

Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылған. Аулалар мен жақын аумақтар, Қаратал өзенінің бойы және бос жатқан жерлер тексерілді. Іздеу аумағын кеңейту мақсатында тепловизоры бар дрон қолданылды. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты.

Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды

26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

Соңғы жаңалықтар