Ауа райы • Бүгін, 08:18

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі

3 мин
оқу үшін

Синоптиктер 26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы болжанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі

Фото: Ашық дереккөз

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C күтіледі.
 
Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с соғады. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C күтіледі.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 8-13 м/с болады. Температура түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C күтіледі.

Жалпы мамыр айында ауа райы құбылмалы болатыны туралы жазғанбыз.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +21...+23°C болады.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с, екпіні 12 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C болады.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C болады.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с болады. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C күтіледі.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с болады. Температура түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C сақталады.

Көкшетауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с болады. Температура түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C күтіледі.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Температура түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.

Қостанайда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.

Қызылордада бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C болады. 

Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с болады. Температура түнде +4...+6°C, күндіз +25...+27°C күтіледі.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Температура түнде +7...+9°C, күндіз +29...+31°C.

Таразда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Температура түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C болады.

Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 4-9 м/с болады. Температура түнде +2...+4°C, күндіз +23...+25°C күтіледі.

Осыған дейін, елімізде жаз айларында ауа райы қандай болатыны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар