Осыған байланысты санитар дәрігерлер қазақстандықтарға арнайы ескерту жасады.
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
«Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындарға мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Хабардар болу – тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі», – делінген хабарламада.
Комитет өкілдерінің айтуынша, мал сату және сою кезінде:
- малды тек арнайы белгіленген орындардан алу және құрбандыққа шалу;
- жануарларда ветеринариялық құжаттардың болуы;
- сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау, яғни су, кәріз жүйесінің болуы және қалдықтарды уақытылы шығару мен жою;
- қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуы және жеке гигиенаны сақтауы міндетті.
Санитар дәрігер үй жағдайында кеңес береді:
- қолды жууға жағдайдың болуы;
- тұрақты түрде ет тұрған бөлмеге ауа кіруін қамтамасыз ету;
- өнімдерді тек қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сенімді орындардан сатып алуды;
- үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуді;
- тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден тұтынуды және сақтау тәртібі бұзылған жағдайда сақтамауды;
- жұқпалы немесе тері ауруларының белгілері бар адамдарды ас дайындауға жібермеуді ұсынады.
Ал қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде:
- үздіксіз ыстық және суық су жүйесі;
- қол жуу және кептіру құралдары;
- желдету мен кондиционер жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі;
- азық-түлікке қатысты құжаттардың болуы;
- санитариялық талаптардың сақталуы;
- қызметкерлердің медициналық кітапшалары және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексерістен өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.
«Санитариялық талаптарды сақтамау тағамнан улануға және жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін», – деп ескертті санитар дәрігерлер.