Мектеп • Бүгін, 15:53

Астанада мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

2 мин
оқу үшін

Астанадағы №5 гимназия мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау рәсімі өтті. Бұл кеш – тек мектеппен қоштасу ғана емес, 11 жыл бойы жиналған естеліктер мен армандардың, үміт пен толқыныстың тоғысқан сәті болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

Суретті түсірген – Зылиха БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, «Egemen Qazaqstan»

Салтанатты кеш барысында ұстаздар шәкірттеріне арнап ән шырқап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ал ата-аналардың ақ тілегі мен ыстық ықыласы көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Бала күннен қолынан жетектеп өсірген перзенттерінің азамат болып, үлкен өмірге қадам басуы – әр ата-ана үшін толқынысқа толы сәт екені анық.

Кештің ең әсерлі бөлігінің бірі – түлектердің вальс биі болды. Әсем әуен ырғағымен билеген жас түлектер мектеп қабырғасындағы соңғы кештерінің бірін естелікке айналдырды. Бұл би – балалықпен қоштасып, болашаққа жасалған сенімді қадам секілді әсер қалдырды.

Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты

Оқушыларына жүрекжарды тілегін арнаған 11-сынып жетекшісі Бекболат Зайкенұлы түлектерге алдағы ҰБТ-да сәттілік тілеп, өмір жолында адаспай, білімді де тәрбиелі азамат болуға шақырды. Ұстаз өз сөзінде әр шәкіртінің болашағынан үлкен үміт күтетінін айтып, мектеп қабырғасындағы әр сәттің қымбат естелік болып қалатынын жеткізді.

г

Бір айдан соң мектеп бітіру кеші өтеді: Қымбат кеш − мәртебе ме, ысырап па?

Бүгінде түлектердің ойында бір ғана мақсат –  Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, армандаған мамандық иесі атану. ҰБТ – тек сынақ емес, үлкен өмірге апарар баспалдақ. Сондықтан бүгін оқушылармен қатар ұстаздар мен ата-аналар да ерекше толқып жүр. 

Жанбота БАХЫТБЕК,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар