Футбол • Бүгін, 14:53

Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?

2 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды құрамға 25 ойыншы енді. Тізімде жастар арасынан көзге түсіп жүрген Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков те бар, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?

Фото: instagram.com/kairat4

Ұлттық құрама сапына тәжірибелі ойыншылар – Сергей Малый мен Серікжан Мұжықов та шақырылды. Ал шабуыл шебінде «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев өз орнын сақтап қалды. 
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Әбінұр Нұрымбет («Өкжетпес»).

Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Мұртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).

Айта кетейік, бұл жолы құрамға ұлттық команданың тарихындағы үздік сұрмерген Бақтиёр Зайнутдинов пен елдегі танымал футболшылардың бірі Шерхан Қалмырза енбей қалды.

Қазақстан құрамасы маусым айында сырт алаңда екі жолдастық матч өткізеді. Команда 6 маусым күні Ереванда Армениямен кездессе, 9 маусымда Дебрецен қаласында Мажарстан құрамасына қарсы ойнайды.

Бұған дейін «Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар