Әлем • Бүгін, 15:55

Швейцария Шенген аймағынан шығуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

14 маусымда Швейцария тұрғындары көші-қон саясатын қатаңдату мәселесі бойынша дауыс береді. SVP партиясы ел халқының санын 2050 жылға дейін 10 миллион адамнан асырмауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Швейцария Шенген аймағынан шығуы мүмкін

Бастамаға сәйкес, егер халық саны 9,5 миллионға жетсе, билік босқындарға баспана беру шарттарын шектеп, Еуропалық одақпен жасалған келісімдерді, соның ішінде Шенген аймағына қатысу мәселесін қайта қарауы мүмкін.

Бастама авторлары халық санының артуы инфрақұрылымға салмақ түсіріп, тұрғын үй тапшылығын күшейтіп отырғанын айтады. Сауалнамаларға сәйкес, ұсынысты респонденттердің 52 пайызы қолдап отыр.

Ал үкімет пен бизнес өкілдері мұндай шешім экономикаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені Швейцария медицина, IT, құрылыс және өнеркәсіп салаларында шетелдік мамандарға тәуелді.

Еске сала кетейік, 6 мамырда Swiss International Air Lines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды. Ұшақ Сеулден Цюрихке бет алған.

Соңғы жаңалықтар