Фото: Ашық дереккөз
«Қазгидромет» мәліметінше, шығыс аймақтарда түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ екпінді жел күтіледі.
24-25 мамыр аралығында еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.
Республиканың өзге өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Дегенмен ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі.
Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер солтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстарда түнде 1-3 градус үсік болуы мүмкін екенін ескертті.
Ал күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- батыста +28…+35°С,
- солтүстікте және орталықта +20…+32°С,
- шығыста +17…+25°С,
- оңтүстікте +22…+35°С,
- оңтүстік-шығыста +20…+28°С дейін көтеріледі.