Президент • Бүгін, 17:27

Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі. Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды

Фото: Ақорда

«Білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек. Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын. Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз. Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді.

«Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады. Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс. Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды.

Өзбекстан Президенті Түркістан халқына ерекше тарту жасады

Соңғы жаңалықтар