Президент • Бүгін, 17:50

Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Саммит отырысында  Президент түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет

Жиында Мемлекет басшысы технологиялық даму мен гуманитарлық ықпалдастық жағдайында түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Жақында Түркі Академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы

Сондай-ақ Мемлекет басшысы саммит отырысында түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар