Қоғам • Бүгін, 16:21

Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ең көп талқыланған әрі көптен күткен жеңіл рельсті көліктің (LRT) қозғалыс схемасы қаланың электронды карталарына енгізілді. Енді елорда тұрғындары мен қонақтары болашақ көлік бағытын смартфон арқылы 3D форматта көре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?

Фото: istockphoto.com

Жаңа бағыт Астана халықаралық әуежайын «Нұрлы жол» теміржол вокзалымен байланыстырады. Желінің жалпы ұзындығы 22 шақырымнан асады және оның бойында 18 станция орналасады. Қазірдің өзінде картадан қоғамдық көлік бағыттарын іздеген кезде, жүйе осы станцияларды ескере отырып жол көрсетуді бастаған. 

Алдын ала есептеулер бойынша әуежайдан LRT стансасына дейінгі жол шамамен 40 минутты алады. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл қазір қалалық автобустармен қарбалас уақытта бұл қашықтықты жүріп өту үшін 1,5 сағаттан астам уақыт кетеді. Демек, жаңа көлік жолаушылардың уақытын екі еседен астам уақытқа қысқартуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін CTS компаниясы БАҚ өкілдеріне елорданың бас көлік инфрақұрылымы нысанының ішкі жұмысын алғаш рет егжей-тегжейлі көрсеткен болатын. 

Бұған дейін Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалғанын жазған едік. 

Еске сала кетейік, LRT жүйесі алдағы демалыс күндері, 16-17 мамырда іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар