Енді ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жасөспірім қыздарға екпе салуға мүмкіндік беріледі. Тиісті қаулыға елдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойған.
Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздарға адам папиломасына қарсы жоспарлы вакцинация жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 12-13 жастағы оқушылар арасында да қосымша екпе жұмыстары ұйымдастырылған.
Министрліктің мәліметінше, 1 мамырға дейін 11-13 жас аралығындағы қыздарға жатыр мойны обырын тудыратын вирусқа қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе салынған.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл вакцина қыз балалар арасында аурудың алдын алуда 90-100 пайызға дейін тиімді екенін атап өтті.
Бұған дейін соңғы жылдары Қазақстанда вакцинадан бас тарту жағдайлары артып келе жатқанын жазған болатынбыз.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қол қойған қаулыға сәйкес елімізде қызылша дерегі анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды.