Пікір • Бүгін, 09:45

Сәтті серпіліс

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бұл шешімі – елімізді заманауи цифрлық мемлекет ретінде дамытуға және жасанды интеллект саласында жоғары құзыретті, бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық саясаттың жалғасы.

Сәтті серпіліс

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде еліміздің өркендеуін қамтамасыз етіп, адам капиталын ілгерілетуге үлес қосатын инновациялық білім жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтып, оқушылардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы әрі заманауи білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Жасанды интеллект оқу үдерісіне нақты енгізілетін тиімді құрал ретінде шалғай өңірлердегі оқушыларға ірі қалалармен бірдей білім алу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі шағын жинақты ауыл мектептерін қолдау болып қала береді.

Жарлықты іске асыру және жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізу аясында мектептерді заманауи цифрлық шешімдермен, сапалы білім контентіне қолжетімділікпен және дербестендірілген оқыту құралдарымен жарақтандыру көзделген.

Жасанды интеллект технологияларын енгізудің жүйелілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды білім саласында қолданудың бірыңғай стандарттары бекітіледі. Бұл стандарттар оқу материалдарын жасау және бейімдеу кезінде ЖИ-ді пайдалану, білімді бағалауда технологияларды қолдану, ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық құралдарды пайдаланудың этикалық аспектілерін  реттеу сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.

 

Мөлдір Смаханова,

Қызылорда қаласындағы №290 Келешек мектебінің директоры 

Соңғы жаңалықтар