Елорда • Бүгін, 17:27

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 9 мамырға дейін қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады

«Қала тұрғындары мен қонақтарына Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығында жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты 2-9 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады», делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?

Соңғы жаңалықтар