Ведомство мәліметінше, оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген.
«Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру және барлау барысында құтқарушылар үйден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», деп хабарлады ТЖМ.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.