Спорт • Бүгін, 17:10

Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтті. Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі

Фото: ҰОК

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды. Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

Ересектер арасындағы сайыста Қазақстан спортшысы Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар