Фото: Ашық дереккөз
Қазіргі уақытта минималды жеткілікті шек әлеуметтік және болжамды көрсеткіштерге негізделіп есептеледі. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы, күнкөріс деңгейі және азаматтың болашақта аударатын жарналары ескеріледі.
Жаңа әдістемеде бұл тәсілден бас тартылып, нақты жинақтың өмір бойғы төлемдерді қамтамасыз ету қабілеті басты өлшемге айналады. Яғни жинақтың жеткіліктілігі азаматқа ай сайынғы төлем жасау мүмкіндігі арқылы бағаланады. Мысалы, егер азаматта 6 миллион теңге зейнетақы жинағы болса, бұрын жүйе болашақ жарналарды да ескеріп, қаражаттың бір бөлігін алуға рұқсат беруі мүмкін еді. Ал жаңа тәсіл бойынша 6 миллион теңгенің өмір бойғы төлемдерге жететіні есептеледі. Егер жеткіліксіз болса, қаражатты шешіп алуға рұқсат берілмейді.
Жаңа есептеу әдістемесі әлі бекітілмеген, сондықтан нақты минималды жеткілікті шек мөлшерлері кейінірек анықталады. Дегенмен олар жас ерекшелігіне байланысты сақталып, жыл сайын макроэкономикалық, демографиялық және қаржылық факторлар негізінде қайта есептеледі.
Нұрболат АМАНБЕК