Үкімет басшысының айтуынша, энергетикалық әріптестік екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыты әрі өңірлік тұрақтылықтың негізі. Жиында Баку – Тбилиси – Джейхан құбыры қазақстандық мұнайды тасымалдаудағы маңызды инфрақұрылымның бір бөлігі ретінде аталды.
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Сонымен қатар түрік компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласында ірі жобаларды табысты жүзеге асырып жатқаны атап өтілді. Кездесуде Қазақстан мен Түркия өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және денсаулық сақтау салаларына қатысты 67 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Бүгінде Түркия Қазақстанмен сауда-саттық жүргізетін ең ірі бес елдің құрамына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс көлемі 9 пайызға өскен. Алдағы уақытта тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Нұрболат АМАНБЕК