Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Жаңа мотоциклдер кәсіпорынның 12 филиалы арасында бөлінді. Атап айтқанда, Ақмола филиалына – 1, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Жетісу филиалдарына – әрқайсысына 5-тен, Батыс Қазақстан мен Павлодар филиалдарына – 6-дан техника берілді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанға – 11, Абай облысына – 12, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалына – 20, Түркістанға – 25, ал Жамбыл филиалына 29 мотоцикл табысталды.
Министрліктің мәліметінше, жаңа техника су реттеушілердің учаскелер арасында жылдам қозғалуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде суды бөлу жұмыстарын тиімді жүргізуге, гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын бақылауға және жедел әрекет етуге жағдай жасайды.
Жаңа техника алған мамандардың бірі – «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы Жиенбет өндірістік бөлімшесінің жас қызметкері Айдын Жолдас. Оның айтуынша, бұрын күн сайын бірнеше канал аралап, ондаған шақырымды жаяу еңсеруге тура келген.
«Негізгі міндетім – шаруа қожалықтарына су жеткізу. Күніне 5-6 канал аралап, 60-70 шақырым жол жүретінбіз. Кейде түнде де жұмыс істейміз. Бұрын көлік іздеуге немесе велосипедпен баруға мәжбүр болдық. Енді жаңа мотоциклдер жұмысымызды әлдеқайда жеңілдетті», деді ол.
GIZ Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді
Сонымен қатар жаңа техникамен қамтамасыз етілген мамандардың бір бөлігі бұрын маусымдық жұмыс атқарып келген. Қазіргі таңда олар тұрақты қызметке ауысып, әлеуметтік жағдайлары жақсарған.
«Бұрын жылына 6 ай ғана жұмыс істейтінбіз. Қазір тұрақты жұмысқа орналастық, жалақымыз 2 есе өсті, жыл бойы еңбек етіп, демалысқа шығуға мүмкіндік алдық», деді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының су реттеушісі Пердехан Абзақұлов.
Айта кетейік, былтыр «Қазсушар» РМК техникалық паркі 27% жаңартылып, соның нәтижесінде техника жалдау шығындары 85% қысқарып, жөндеу шығындары 2 есе азайған.
Су ресурстарын басқару саласын цифрландыру тетіктері қаралды