Фото: gov.kz
Күтуге арналған сервистік аймақтарды жобалау кезінде олардың географиялық орналасуы, бекеттердің өткізу қабілеті, болжамды көлік ағындары, сондай-ақ жер бедері мен климаттық жағдайлар ескеріледі. Жол-көлік сызбасы көлік құралдарының барынша жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етіп, қауіпсіз маневр жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл ретте қозғалыс кіру, сәйкестендіру, күту, қызмет көрсету және шығу кезеңдеріне бөлінеді.
Ресеймен шекарадағы павлодарлық өткізу бекеттерін жаңғырту басталды
Сервистік күту аймақтары тұрақ, коммерциялық және әкімшілік аймақтар сынды үш функционалдық блоктан тұрады. Тұрақ аймағында жүк және жеңіл көліктер бөлек орналастырылады, ал электрондық кезек терминалдар мен мобильді қосымшалардағы тіркелу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тұрақ аймағы кемінде 200 жүк көлігіне есептелуі тиіс.
Коммерциялық аймақта жүргізушілер мен тасымалдаушыларға арналған сервистік нысандар орналастырылады. Әкімшілік аймақ операторларды қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың бөлімшелерін орналастыруға арналған.
Өткізу бекеттері толық жаңғыртылады
«Сервистік аймақтарға кіру және шығуды бақылайтын автоматтандырылған жүйелер, мемлекеттік нөмірлік белгілерді тану функциясы бар көлік құралдарын есепке алу тетігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануы тиіс. Сонымен қатар қауіпсіздік жүйелері, тұрақты мобильді байланыс және интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет», делінген Көлік министрлігі таратқан хабарламда.