Қоғам • Бүгін, 09:51

Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алып келе жатқанын ескертті. Қаскүнемдер бұл жолы өздерін компания, мемлекеттік органдар және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді

Фото: ІІМ

Олар жоғарыда аталған мәселелерді алға тартып, азаматтан жедел әрекет етуді талап етіп, психологиялық қысым жасайды.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

«Осыдан кейін азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі. Салдарынан алаяқтар адамдардың ақшасын алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі», делінген ІІМ таратқан хабарламада. 

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Айта кетейік, қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Соның ішінде нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын көрсетуге тырысады.

Ал ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертіп отыр. 

Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Соңғы жаңалықтар