Банк • Бүгін, 17:22

Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк ипотекалық бағдарламалардың шарттарын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?

Оның айтуынша, елде ипотекалық қарыз алушылардың саны азаймай отыр, бұл өз кезегінде қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

«Келесі жылдың шілде айынан бастап біз бұл бағытта әдістемелік жұмыс жүргізіп, белгілі бір шаралар қабылдаймыз. Себебі жылдық 25% мөлшерлемемен берілетін ипотека өте қауіпті. 10 жыл ішінде артық төлем көлемі үш есеге дейін жетуі мүмкін. Біз қаржылық тұрақтылықты сақтап, азаматтардың қарызға тәуелді болып қалуына жол бермеуіміз керек», деді Тимур Сүлейменов.

Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?

Ұлттық банк алдағы уақытта ипотекалық саясатты жетілдіріп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған шешімдер қабылдауы мүмкін.

Қазақстанда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

Соңғы жаңалықтар