Фото: Ашық дереккөз
Бір ай ішінде азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы бірден 22,6%-ға төмендеген. Сондай-ақ пияз (10,9%), қызанақ (2,6%), қырыққабат (1,9%) және қарақұмық жармасы (1,2%) арзандады.
Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (8,2%), үтік (7,7%), смартфон (2,7%) және автомобиль (2,3%) бағасының төмендеуі тіркелді.
AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін
Тәтті бұрыш (10,7%), банан (5,4%), қызылша мен сәбіз (4,2%) қымбаттаған. Техника мен бұйымдардан алтын сақиналар мен ас үй пештері (5,5%), теледидарлар (4,1%) және сымсыз құлаққаптар (2,2%) бағасы өсті.
Қызмет көрсету саласында бассейн абонементі (3,3%), электрик қызметі (2,1%) және кариесті емдеу (1,6%) құны жоғарылаған.
2026 жылдың наурызында жылдық инфляция 11%-ды құрап, ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді. Жылдық мәнде қияр 40,9%-ға, қызанақ 16,5%-ға арзандаса, алма (13,5%) мен сұлы жармасы (12,9%) қымбаттаған. Сондай-ақ курьерлік қызмет (14,3%) пен мерекелерді ұйымдастыру (10,8%) айтарлықтай өскен.
«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты
Айта кетейік, инфляция көрсеткіші 537 позиция бойынша есептеледі. 2026 жылдың басынан бері инфляция себетіндегі азық-түліктің үлесі 41,1%-ды құрап отыр.