Білім • Бүгін, 13:18

Аида Балаева: Қазақстанда 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады

30 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева технологиялық өзгерістер мен саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында білім беру және кадрлар даярлау жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Қазақстанда 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады

«Бүгінде еліміз ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде. Әділетті Қазақстанды құру жолында жүзеге асып жатқан саяси реформалар халқымыздың әл-ауқатын арттыру бағытындағы міндеттерімізді еселей түсті.

Жаңа Конституция адами капиталды, білім мен ғылымды, инновацияны дамытудың стратегиялық бағытын айқындап, оны жаңа деңгейге көтерді.

Бұл бағыттар еліміздің алдағы даму жолындағы басымдықтармен тығыз байланысты. Олар Қазақстанның болашағына тікелей әсер етеді. Әңгіме ел дамуының бүкіл траекториясын өзгерту туралы. Яғни интеллект, білім мен технологиялар басты ресурсқа айналатын экономикаға көшу туралы болып отыр», деп атап өтті Аида Балаева.

Гарвардты бағындырған қаракөз немесе Қазақстан білімінің жаңа кезеңі

Министр технологияның әсерінен әлем тез өзгеріп жатқанын және білім беру жүйесі осы өзгерістерге сәйкес келуі керек екенін атап өтті.

«Бүгінде біз еңбек нарығына және экономиканың құрылымына тікелей әсер етіп отырған қарқынды технологиялық трансформациямен байланысты ауқымды сын-қатерлерге бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтан әлем біздің жүйелерімізден әлдеқайда жылдам өзгеріп жатқанын ашық мойындауымыз қажет.

Цифрландыру, жасанды интеллект, автоматтандыру және Биг Дата мүлде жаңа жағдайды қалыптастырып отыр. Мұндай жағдайда білім беру жүйесінің жаңа технологиялар мен заман талаптарына сай болуы – шешуші факторға айналады»,деді ол.

Экономиканың қажеттіліктерін анықтау үшін Үкімет кадрлық қамтамасыз ету мен білім беру бағдарламаларына ауқымды талдау жүргізді.

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

«Осы мақсатта Үкімет тарапынан кадрлық мәселелер бойынша 73 мыңнан астам отандық кәсіпорынды қамтыған ауқымды сауалнама жүргізілді. Соның негізінде білім беру бағдарламаларының жаңа талаптарға сәйкестігіне, оларды жаңғырту және заманауи даярлау бағыттарын енгізу қажеттілігіне кешенді талдау жасалды. Жүргізілген талдау нәтижесінде шұғыл шешуді талап ететін бірқатар жүйелі проблемалар анықталды.

Біріншіден, кадрлардың жасына байланысты мәселе белгілі болды. Мамандардың негізгі үлесін 40-тан 59-ға дейінгі жас аралығындағы қызметкерлер құрайды. Кейбір өңірлерде, атап айтқанда Павлодар облысында, 50-ден 59-ға дейінгі жас санатындағы қызметкерлердің үлесі жұмыспен қамтылғандардың шамамен 50%-ына дейін жетеді. Бұл алдағы 7 жылдан 10 жылға дейінгі кезеңде экономиканың негізгі салаларында білікті мамандар тапшылығы туындау қаупі бар екенін көрсетеді», деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, өңірлердің қажеттіліктері мен мамандарды даярлау арасындағы теңгерімсіздік те анықталды.

«Екіншіден, кадр даярлау жүйесінде айқын сәйкессіздік қалыптасқан.Өңірлердегі нақты кадр қажеттілігі мен мамандарды даярлау бағыттары арасында елеулі алшақтық бар. Мәселен, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласына 800 маман қажет болса, білім беру жүйесі бұл сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Ал Қарағанды облысында 351 IT вакансияға 2500-ден астам студент дайындалып жатыр», деді Аида Балаева.

Тағы бір проблема – білім беру бағдарламаларының артықтығы және олардың тәжірибеден алшақтығы.

«Үшіншіден, білім беру жүйесінде шамадан тыс академизм, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының қайталануы байқалады.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында экономика бағыты бойынша 142, ал құқықтану бойынша 115 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Көп жағдайда мұндай бағдарламалар бір оқу орнының өз ішінде де қайталанып отыр. Сонымен қатар зерттеу базасымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген шамадан тыс академиялық сипат сақталып, теория мен нақты тәжірибе арасындағы алшақтық тереңдей түскен. Бұл – жекелеген жоғары оқу орындарының мәселесі емес, жүйелі шешімді талап ететін ортақ түйткіл.

Сондықтан біз бұл бағытта нақты шешім қабылдап отырмыз. Жалпы саны 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады. Оның ішінде 78 жоғары оқу орнындағы 503 бағдарлама – артықтықты жою үшін, тағы 26 бағыт бойынша 235 бағдарлама – жүйедегі олқылықты жою мақсатында тоқтатылады. Бұл ретте барлық студенттердің оқуын толық аяқтауына кепілдік беріледі. Алайда аталған бағдарламалар бойынша жаңа қабылдау жүргізілмейді», деді Аида Балаева.

Соңғы жаңалықтар