Фото: Polisia.kz
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысқан. Соққы салдарынан мектеп автобусы инерциямен алдында тұрған автокөлікке барып соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді», делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобустың жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.