Қоғам • Бүгін, 16:52

Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

Фото: 75.ru

Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Мұзафаров айтып берді.

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

«Кешенді жоспар тағы бір өте маңызды мәселені – мұраны қорғау саласының мамандарын даярлауды көздейді. Соңғы жылдары бұл бағытта ЮНЕСКО айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Біз мамандарымызды, ең алдымен, облыстық және аудандық деңгейде даярлап жатырмыз, өйткені мәдени мұра үлкен қалаларда ғана өмір сүрмейді, оны сезініп, қадірін түсінетін жерлерде өмір сүреді», деді ғалым.
Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды
Соңғы жаңалықтар