Білім • Бүгін, 16:33

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына көшу бірден емес, кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?

Жаңа тест жүйесін бірден енгізу мүмкін емес, себебі ол үшін мектептегі білім беру мазмұнын да жаңарту қажет. Сол себепті жаңа формат қолданыстағы ҰБТ-мен қатар қанатқақты жоба түрінде енгізіледі.

Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды

Министрліктің айтуынша, егер жаңа тестті таңдаушылар саны белгілі бір деңгейге жетсе, онда қазіргі формат біртіндеп қолданудан шығарылады. Яғни бұл – жүйелі және біртіндеп өтетін процесс.

Жаңа форматқа көшу шамамен 5 жыл ішінде жүзеге асады. Ал алғашқы сынақ нұсқасы алдағы жылдары пилоттық режимде іске қосылады.

Жаңа тест халықаралық стандарттарға сай болуы үшін Қазақстан АҚШ-тың ETS (Educational Testing Service) компаниясымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады

Қысқасы, қазіргі ҰБТ бірден жойылмайды, ол жаңа жүйе толық енгізіліп, қабылданғанға дейін кезең-кезеңімен қолданыста бола береді.

Соңғы жаңалықтар