Жоба дәстүрлі қазақтың құрақ көрпе үлгісінде жасалған үлкен панно түрінде ұсынылған. Оның биіктігі 10 метр 35,5 сантиметр, ал салмағы 154 килограмнан асады. Инсталляция толықтай қолмен жасалып, 3 250 «шаңырақ-квадраттан» құралған.
Жобаның рекордын Global Best of Records тіркеп, оны этнодизайн мен мәдени мұра саласындағы ерекше жетістік деп таныды.
«Ұлы дала аруы» инсталляциясын дайындауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген адам атсалысты. Жоба Қазақстанның 17 облысын біріктіріп, ұлттық қолөнерді насихаттауға бағытталған әлеуметтік бастама ретінде бағаланды.
Желі қолданушылары бұл жетістікті жылы қабылдап, жоба авторларын құттықтап жатыр.