Жоба • Бүгін, 09:05

Сыр бойындағы серпінді жобалар

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр бойында өңір экономикасын әр­тараптандырып, шикізатқа тәуел­ділікті азайту, өңдеу өнер­кәсібін дамыту бағытында жақсы бастамалар бар. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сыр бойындағы серпінді жобалар

Алдағы 3 жылда өңірде 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 308 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 100 млрд теңгенің 21 жобасы іске қосылады. Олардың қатарында қуат­тылығы 3 500 тонналық құс фабрикасы, 5 200 тонналық тауарлы сүт фермасы, «Пана» қонақ үйі, гофр­леу және картонның тегіс қабатына қажетті қағаз өндіру зауыты, жалпы қуаттылығы 50 МВт болатын 2 күн электр стансасы бар.

Сонымен бірге 753 млрд 300 млн теңге болатын 14 ірі жобаның құры­лысы межеленіп отыр. Өт­кен жылы кореялық «Уиз Ю» ком­паниясы­ның тұрмыстық қатты қал­дықтарды сұ­рыптау кешені, «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталды. «Табиғи тас Қызылорда» серіктестігі жылына 1 млн 100 мың тонна әк өндіретін зауытын іске қосады.

«Шалқия» кен-байыту фабрикасы, «Арал сода» серіктестігінің кальциленген сода, «Севен Риверс» компаниясының шыны бөтел­ке, испандық «Рока групп» компания­сының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шыға­ратын зауыттарының құрылысы биыл басталады.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38