Алматы • Бүгін, 08:15

Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы хайуанаттар бағы тағы бір сирек кездесетін жануармен толықты. Енді келушілер әлемдегі ең ірі ағашқа өрмелейтін Сальвадор кеcірткелерін тамашалай алады. Бұл бауырымен жорғалаушының табиғи мекені – Жаңа Гвинея аралы. Табиғатта ол осы өңірде ғана кездесетін көрінеді.

Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді

Ғылыми атауы Varanus salvadorii деп аталатын кесіртке кей елдерде артеллия, кабарагойя немесе «қолтырауын кесірткесі» деген атаумен белгілі. Ұзын әрі қуатты құйрығы, денесін қаптаған ірі қабыршақты терісі және бас пішіні қолтырауынға ұқсас болған­дықтан, көпшілік арасында дәл осылай аталып кеткен.

Жуырда Алматыға Индонезиядан жасы оннан асқан екі кесіртке жеткізілген. Қазір олар жаңа ортаға бейімделіп, арнайы дайындалған мекенінде еркін қозғалып жүр. Мамандардың айтуынша, жануарлардың жағдайы жақсы, тәбеті де қалыпты.

«Бауырымен жорғалаушылар зооба­ғымызда өздерін жақсы сезінеді. Олар табиғи мекен ету ортасына барынша ұқсатып жабдықталған террариумды зерттеп жүр. Мұнда жоғары температура мен ылғалдылық сақталады. Кесірткелер бұл жерде өсіп-өніп, ұзақ әрі белсенді өмір сүреді деп сенеміз», дейді «Экзотариум» бөлімінің жетекшісі, герпетолог Aлександр Гурнев.

Мамандардың айтуынша, Сальвадор кесірткесі – ағашқа жақсы өрмелейтін, өте ширақ әрі зерек жыртқыштардың бірі. Табиғатта олар ұсақ жануарлармен, құстармен, жұмыртқамен қоректенеді. Бұл жануарлардың тағы бір қызық қасиеті – айыр тілінің көмегімен айналасындағы иістерді «сезіп», жемін дәл таба білуі.

Алматы зообағына келушілер бұл бауы­рымен жорғалаушыларды «Экзотариум» бөлімінен көре алады. Мұнда экзотикалық жануарлар үшін барынша жағдай жасалған. Жаңа тұрғындардың келуі зообақтағы бауырымен жорғалаушылар коллекциясын толықтырып қана қоймай, келушілерге сирек кездесетін жануарлар әлемін жақыннан тануға мүмкіндік бермек.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33