Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде қозғалыс шектелді.
Қостанай облысы:
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолы, 555–682 шақырым, Тобыл қаласынан Сарыкөл кентіне дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 8–218 шақырым, Тобыл қаласынан Октябрьское кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.
Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 234–320 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Бестөбе кентіне дейін – барлық көлік түрлері үшін.
Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.
Ақтөбе облысы:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 5–234 шақырым, Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін – жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Жолды ашудың болжамды уақыты – 17 наурыз сағат 09:00.