Ипотека • Бүгін, 21:31

Қазақстанда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

Өтінімді уақытша тоқтату Наурыз мейрамына байланысты енгізіліп отыр.

«Өтінімді жұмыс күндері алдын ала жоспарлап, асықпай әрі барлық қадамдарды мұқият орындап тапсыруды сұраймыз. Егер өтінімді алғаш рет беріп жатсаңыздар, біздің парақшада қадамдық нұсқаулық жарияланған, ол өтінімді тез әрі қателіксіз толтыруға көмектеседі», деп хабарлады Отбасы банк.

Наурыз ипотекалық бағдарламасы – Қазақстанда алғашқы баспана сатып алуға арналған мемлекеттік бағдарлама. Биыл өтінімдер 10-31 наурыз аралығында жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдерді Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында тапсыруға болады.

«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады

 
Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

Жасанды интеллект • Бүгін, 18:16