Қоғам • Бүгін, 20:25

Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

17 наурыздан бастап Астанадағы «Нұрлы Жол» стансасынан Семейге қатынайтын пойыз құрамына жаңа буындағы вагондар қосылады. Жаңартылған вагондар жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы сапар жағдайын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады

Rail-news.kz мәліметінше, 17 наурыздан бастап «Нұрлы Жол – Семей» бағытындағы пойыз құрамында жаңа RWS Wagon вагондары жүре бастайды. 

Пойыз құрамында барлығы 9 вагон болады: 3 купе, 5 плацкарт және 1 штабтық вагон. Бір бағытта 350-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бар.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, №353/354 пойызы күн ара қатынайды:

– «Нұрлы Жол» стансасынан 17:55-те;
– Семей стансасынан 16:45-те жолға шығады.

Бұған дейін бұл бағытта 1993 жылы шығарылған вагондар пайдаланылған. Қазір олардың орнына жаңа буындағы заманауи вагондар қойылды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда қосымша электрпойыздар іске қосылады

Компанияда атап өткендей, жаңа вагондар дизайн, қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға сай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер, мүгедектер арбасына арналған орындар және жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.

Соңғы екі жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) өндірісінің 219 вагонын сатып алды. Жаңа вагондар сондай-ақ, «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қатынауда.

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар қай бағыттарда қатынайды?

Вагон паркін жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық тасымалдаушының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі саналады. 2030 жылға дейінгі жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жолаушылар вагондары толықтай жаңартылады.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

Жасанды интеллект • Бүгін, 18:16