Білім • Бүгін, 18:08

OpenAI Education бағдарламасы бойынша педагогтарға 10 000 лицензия бөлінді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын белсенді қолданып жатыр. Колледждердің заманауи шеберханалары мен зертханалары цифрлық технологиялармен толықтырылып, педагогтардың жұмыс сипатын өзгертіп, кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.

OpenAI Education бағдарламасы бойынша педагогтарға 10 000 лицензия бөлінді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазір техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 763 колледжде шамамен 556 мың студент білім алып жүр. Студенттердің 70% мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін оқиды, ал кадрлар даярлауға шамамен 40 мың педагог тартылған.

Осы жұмыс аясында Оқу-ағарту министрлігі ChatGPT Edu білім беру платформасын колледждерге кіріктіру жұмысын жүргізіп жатыр. Педагогтарға OpenAI Education for Countries халықаралық бағдарламасы бойынша министрлікке берілген жалпы квотадан 10 000 лицензия бөлінді. Қазақстан осы бастамаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет екенін еске салайық.

ChatGPT-де жарнама пайда болады

ChatGPT Edu педагогтарға сабақ жоспарларын, тесттер мен практикалық кейстерді жедел дайындауға, күрделі техникалық материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне бейімдеуге, студенттермен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Колледждердің оқу үдерісінде жасанды интеллектті қолдану экономиканың заманауи технологиялық және инновациялық салаларында жұмыс істеу үшін қажетті цифрлық дағдылар мен құзыреттерге ие мамандарды даярлауға ықпал етеді.

DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?

Сонымен қатар, кадр даярлаудың мазмұны да жаңартылып жатыр. Колледждердің білім беру бағдарламаларына заманауи өндірістік технологиялар мен WorldSkills стандарттарына бағдарланған цифрлық модульдер енгізілген. Цифрлық құралдармен толықтырылған заманауи шеберханалар колледждерді жастар үшін тартымды етіп, технологиялық тұрғыдан дамып келе жатқан салалар үшін мамандар даярлауға ықпал етіп жатыр.

Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

Жасанды интеллект • Бүгін, 18:16