Референдум • Кеше

Алғашқыларға – арнайы сыйлық

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында референдум науқаны ерекше басталды. Азаматтық белсенділік танытып, ал­ғашқы болып өз учаске­ле­рінде дауыс берген аза­мат­тар­ға сыйлықтар табыс­талды.

Алғашқыларға – арнайы сыйлық

Мәселен, №100 референдум учас­кесінде алғашқы болып да­уыс берген Олжабай Дүзүлбаевқа бел­сенді азаматтық ұстанымы үшін арнайы сыйлық табысталды. Ал Шымқа­ладағы Достық үйін­де орна­ласқан №4 референ­дум учаскесіне келген дауыс беру­ші­лерге қалалық Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшелері шашу ша­шып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шымкент қаласында рефе­рендумға байланысты қо­ғамдық кө­ліктер жолаушыларды тегін тасы­малдады. Бұл шешім қала тұр­ғын­дарының дауыс беру учас­­келеріне ыңғайлы жетуіне мүм­кін­дік беру мақсатында қа­был­данды.

Шаһардағы әкімшілік аумақ­тар­да референдумға әзір­лік жоғары деңгейде ұйым­­дастырылды. Мә­селен, қа­ланың Әл-Фараби ауда­нын­дағы 78 референдум учаскесі өз жұ­мысын таңғы сағат
7.00-де бастады. Аудандағы жалпы сайлаушылар саны –
120 202 адам. Барлық референдум учаскесі заң талаптарына сәйкес толық жабдықталып, дауыс беру жәшіктері өз уақытында ашылды.

Қала тұрғындары таңертеңнен бастап өз учаскелеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Қоғамдық көліктерде дауыс беруге бара жатқан жолаушылар референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, барша тұрғындарды белсенді түрде қатысуға ша­қырды.

 

ШЫМКЕНТ

Соңғы жаңалықтар