Референдум учаскелерінің 18 жасқа жаңа толып бүгін бірінші рет дауыс берген жастарға, ерте тұрып елден бұрын келген азаматтарға, туған күн иелеріне шағын сый-сияпат көрсетіп жатқаны да көңілге қуаныш ұялатқандай.
Мысалы, бүгін №3 референдум учаскесіне келген Қостанай қаласының тұрғыны Борангүл Жүсіпова өз туған күнінде дауыс беріп, шағын сыйлыққа ие болды. Бүгін 69 жасқа келген зейнеткер әлі еңбектен қол үзген жоқ. Облыс орталығындағы №2 емханада кіші санитар болып жұмыс істейді.
«Үш балам, үш немерем бар. Дәл менің туған күнімде бүкіл ел болып жаңа Конституция жобасын қабылдау жөнінде таңдау жасап жатқанын жақсы ырымға жорып отырмын. Бүгін таңдау жасап жатқан әр адамның даусы ел болашағы үшін маңызды деп санаймын», дейді туған күн иесі.
Қостанай облысы