Парламент • Бүгін, 12:27

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Педагог мәртебесі және білім беру» мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Енді білім мекемелерінде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда әр мектеп смартфондарды пайдалану тәртібін өзі анықтайды. Сол себепті депутаттар барлық оқу орындары үшін ортақ ереже енгізуді және мобильді құрылғыларды қолдану жөніндегі шешімді Оқу-ағарту министрлігіне беруді ұсынды.

«Мектептерде бірыңғай ереже жоқ. Бұл тәжірибе көптеген мектеп директорларының ата-аналармен пікірталас пен шағымдардан қорқып, шешім қабылдаудан қашуына әкеледі. Соның салдарынан бір мектепте телефонға тыйым салынса, екіншісінде рұқсат етіледі. Біз бұл өкілеттікті Оқу-ағарту министрлігіне беруді ұсынамыз. Министрлік барлық мектептерге ортақ, түсінікті саясатты анықтайды», деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді

Сонымен қатар, заң жобасында:

  • мұғалімдердің оқушыларға тек оқу процесі кезінде ғана жауапты болуы;
  • педагогтердің бір мезетте қағаз және электронды есепті қатар жүргізбеуі;
  • ата-аналардың бала өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін кеңейту қарастырылған.

Білім беру және педагог мәртебесі туралы заң жобасы қазір бірінші оқылымда қаралып жатыр. Алда Мәжілістің екінші оқылымы, Сенаттың қарауы және Президенттің қол қоюы күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25