Спорт • Бүгін, 12:42

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Power Slap – UFC президенті Дана Уайтқа тиесілі күшті соққылар бойынша жарыс лигасы. Жаңартылған рейтингте ауыр салмақта өнер көрсететін Закир Найманбаев өз орнын жақсартып, үздік 3 спортшы қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

Қазіргі рейтингте 1-орында – Дориан Перес, 2-орында – Нейт Бернард болса, аталған салмақта Дэмиен Диббелл чемпион саналады.

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Закир Найманбаев соңғы жекпе-жегін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Power Slap 18-турнирінде өткізді. Ол америкалық Уэсли Менді бірауыздан жеңді. Жалпы, ол бұл лигада 5 кездесу өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Айта кетейік, 2022 жылы құрылған Power Slap лигасы қазіргі таңда АҚШ-та ресми түрде лицензияланған ұйым болып саналады.

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25