Ғылым • Бүгін, 08:25

ЖИ-ді оқытудағы жаңа қадам

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Лу Бань шеберханасы базасында жасанды интеллект бойынша қанатқақты курсты сәтті аяқтаған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандарына сертификат табыстау рәсімі өтті.

ЖИ-ді оқытудағы жаңа қадам

Оқу бағдарламасына еліміздің 10 жетекші жоғары оқу орнынан 30-ға жуық оқытушы қатысты. Курс жасанды интеллектіні оқытуға ар­нал­ған онлайн-модульді және үш күн­дік тәжірибелік семинарды қамтыды. Қа­ты­сушылар заманауи құрал-жаб­дық­тар­­мен жұмыс істеуді мең­геріп, өз уни­вер­си­тет­те­рінің білім бағ­дар­­­ла­ма­ларына ЖИ технологияларын енгізуге арналған прак­ти­калық шешімдер әзірледі.

Цифрландыру жөніндегі проректор Гүлмира Бекманованың айтуынша, бұл шеберхана екі ел арасындағы серіктестіктің жемісі. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Президенті Си Цзиньпиннің қатысуымен ашылған бұл база жасанды интеллект саласындағы білімді тереңдетуге арналған.

«Қытайда бір айлық оқу барысында біз төрт негізгі модульді меңгердік. Атап айтсақ, роботтехника және автоматтандыру, LLM, дрон технологиялары, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері. LLM-ді қарапайым тілмен түсіндірсек, ол мәтінді ұғынып, соған сәйкес жауап құрастыра алатын тілдік модель. Курстан кейін факультетімізде әріптестеріміз бен студенттерге тәжірибемізді бөлістік. Қазір олар алған білімін тәжірибеде қолданып, нақты нәтиже көрсетіп жүр. Бүгін еліміздің әр өңірінен келген 28 профессорға осы бағыттар бойынша сертификат табысталды», дейді ақпараттық жүйелер кафед­ра­сы­ның PhD Мансия Хантөреева.

ап

Ал Е.А.Бөкетов атындағы Қара­ғанды Ұлттық зерттеу универ­си­те­ті­нің қауым­дас­тырылған профес­со­ры Райхан Мұратхан­ұлы курс аясында экологияға бағыт­тал­ған ЖИ-қо­сым­­шалардың әлеуеті айқын көрін­ге­нін жеткізді.

–Теориялық білімді Еуразия ұлттық университетінің жаппай онлайн-платфор­ма­сында алдық. Бұл бізге жасанды интел­лект негіздеріне терең бойлап, заманауи алгоритмдердің жұмыс қағи­да­ла­рын түсінуге көмектесті. Әсіресе робот­техникалық шешімдерді пай­далана отырып, қалдықтарды сұрып­тау ба­ғы­тындағы зерттеулер қы­зықтырды. Бұл – ЖИ тех­но­логия­ла­ры­ның нақты экологиялық мәсе­ле­лер­ді шешудегі жарқын мысалы. Жобаға тек оқытушылар ғана емес, студенттердің де тар­тылғаны қуантады, деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай курстар алдағы уақытта жалғасын тауып, қатысушылар саны арта түспек.

Соңғы жаңалықтар