Сурет: kaz.caravan.kz
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген қағидаларға сәйкес, өңірдегі көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге 20 мың теңге мөлшерінде төлем берілді.
Бүгінде өңір бойынша аталған санатқа жататын аналардың саны 9 375-ті құрайды. Бұл мақсатқа жалпы 187 500 000 теңге бағытталып отыр.
Қазір Ұлытау облысында әйелдер мен қыз-келіншектер саны 110 928 адамды құрайды, бұл – облыс халқының 50,7 пайызы. Аналарды қолдау мен олардың қоғамдағы рөлін арттыру – өңір әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.
Ұлытау облысы