Оқиға • Бүгін, 21:23

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 наурыз күні Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қазақстандықтарды эвакуациялау бойынша соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

«Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыс елдері аумағынан 2 463 Қазақстан Республикасының азаматы эвакуацияланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен елге 2 111 қазақстандық оралғаны хабарланған еді.

Еске салайық, Атырау қаласына Медина қаласынан (Сауд Арабиясы) қазақстандықтарды алып келген чартерлік рейс қонды. Сондай-ақ азаматтар арнайы рейстер арқылы Джидда және Дубай қалаларынан да елге қайтарылып жатыр.

Бұған қоса, кеше репатриациялық рейспен Маскат қаласынан Алматы қаласына 314 адам жеткізілді. Тағы 180 қазақстандық Таяу Шығыстан елге оралды. Сонымен қатар 167 қазақстандық Шарджа қаласынан эвакуациялық рейспен Алматыға ұшып келді.

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

 
Соңғы жаңалықтар