Қаржы • Бүгін, 16:48

Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 493,36 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір күн ішінде 6,13 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады

Қазіргі уақытта еліміздегі ақша айырбастау орындарында валюталар шамамен келесідей бағамен сатылып жатыр:

  • доллар: сатып алу – 491-493 теңге, сату – 494-498 теңге;

  • еуро: сатып алу – 572-573 теңге, сату – 578-580 теңге;

  • рубль: сатып алу – 6,25-6,3 теңге, сату – 6,37-6,42 теңге.

Ал ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 82,85 долларды құрады.

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

Еске сала кетейік, 4 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,31 теңгеге көтеріліп, 499,83 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар