Оған қала жастарының, волонтерлердің, қоғамдық белсенділер мен спортшылардың 1000-нан астам өкілі қатысты.
Акция аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының туын және жаңа Конституцияны қолдайтын туын желбіретіп, рәміздік «белгі қою» бейнесінде орналасып, алдағы референдумға қолдау көрсетті.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру іс-шаралары өтіп жатыр.
