Фото: unn.ua
CNN мәліметінше, өртке Иранның ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысы себеп болуы мүмкін. Дрон дипломатиялық миссияның аумағына құлағаны хабарланды. Осыдан кейін консулдық аумағында өрт тұтанып, дер кезінде оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио барлық қызметкерінің аман-есен екенін мәлімдеді. Бұған дейін Эр-Рияд қаласындағы АҚШ елшіліне де ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағаны хабарланған.