Оқиға • Бүгін, 14:15

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бірі бүгін ауруханада көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

2 наурыз күні облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ем алып жатқан 3 науқастың жағдайы нашар екенін хабарлаған еді. Бүгін төтенше жағдайдан зардап шеккен бір азамат қайтыс болған. 

Басқарма мәліметінше, тағы төрт зардап шеккен науқас Щучинск қаласында ем қабылдап жатыр.

Еске салайық, 27 ақпан күні бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шыққан еді. Сол күні оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, жеті адам қаза тапқаны хабарланған. 

Кейіннен зардап шеккендердің саны 28 адамға жеткені мәлімделіп, жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ Бурабай ауданының әкімдігі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге берілетінін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар