Фото: autoreport.kz
«Жол бойындағы сервисті дамытуға ерекше назар аудару қажет. Бұл орайда ұлттық стандарттарға сай келетін нысандардың қатары көбейіп келеді. Бірақ олар негізінен ірі елді мекендердің маңында орналасқан. Сондықтан, трассалардың бойында сервистік орталықтарды біркелкі ашып, жүргізушілерге жанармай бекеттері мен қонақ үйлерге дейінгі қашықтық туралы мәлімет беретін жол белгілерін орнату керек. Сонымен қатар шекаралық өткізу бекеттерінің маңында жүргізушілерге қызмет көрсететін сервистік нысандар ашу бойынша шаралар қабылдануы тиіс», деді Олжас Бектенов.
2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға жөндеу жүргізіледі
Премьер-министр транзиттік тасымал көлемінің артуына байланысты ауыр жүк көліктеріне де сапалы қызмет қажет екенін атап өтіп, сервистік сегменттің бұл түріне сұраныс жоғары, оны отандық бизнес ұсына алатынын жеткізді.
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Жалпы, Үкімет отырысында жаңа тасжол жобаларын кешенді түрде жүзеге асырып, инфрақұрылымды дамытуды және жөндеу жұмыстарының толық көлемде аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, тиісті стандарттар мен бизнесті ынталандыру шараларын қамтамасыз етіп, бірінші мамырға дейін әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей-текжейлі картасын әзірлеу тапсырылды.