Президент • Бүгін, 11:23

Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Болгарияны алғаш рет әйел адам басқарады

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Еске салайық, Мемлекет басшысы бұдан екі ай бұрынн АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар