Спорт • Кеше

Нариман Курбанов Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нариман Курбанов Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

фото: ҰОК

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.

Курбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды – 14,966 ұпай.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Олимпиаданың соңғы күні жарыс жолына кімдер шығады

Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • 21 Ақпан, 2026