Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі бейнежазбасында 15 наурыз еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтті. Ол ел тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырды.
«Құрметті қазақ елі! 15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», деді өнер иесі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.