«Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт әуе-механикалық көбік қолдану арқылы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Айта кетейік, елордада салынып жатқан Astana LRT аялдама павильондарының бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік.